Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

ҚР Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.

02.01.2023
Саясат

Онда ҚР Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі қайта құрылатыны айтылған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Alataunews.kz оқырман назарына құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

2023 жылғы 2 қаңтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жəне оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріле отырып, Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік органдардың жəне оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің мирасқоры болып айқындалсын.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ. Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 2 қаңтар

Тегтер: жарлықҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz