Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстанда бағаны төмендету үшін қордағы көкөністер сатыла бастайды

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел кеңесте әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар көкөніс қорларына броньды алып тастау схемасы ұсынылды.

09.02.2023
Саясат

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтқандай, осы аптада өңірлік комиссиялар, бірінші кезекте пиязға, одан кейін сәбіз, картоп, қырыққабат бойынша, көлемдерін, бағасын, шарттары мен сауда нүктелерін айқындай отырып, тауарлық интервенцияларды өткізу туралы шешім қабылдауы тиіс. Бақылау-кассалық аппараттарды пайдалану міндетті болуы қажет. Тауар интервенцияларының ұзақтығы – ақпаннан сәуірге дейін. Негізгі шарттардың бірі – бөлшек сауда бағасы қол қойылған келісім-шарттар шеңберінде болуы керек.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов жариялаған әкімдіктердің нақтыланған деректеріне сәйкес, ел бойынша пияз қорының деңгейі — 130%, картоп — 118%, сәбіз — 103%, қырыққабат — 74%. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерге сатып алу үшін ұсынған қорлардың деңгейі маусымаралық қажеттіліктен есептелгенін атап өту маңызды, бұл қала халқының 4 айлық тұтынуының 30%-ы. Осылайша, аймақтар көкөністердің қорларын брондауды бастай алады.

«Премьер-Министр негізгі азық-түлік бағасына қатысты жағдайды тұрақтандыру жөнінде нақты тапсырма берді. Үкіметтің ұсыныстары бар, ең бастысы – тәртіп пен орындау талап етіліп жатыр. Қырыққабат бойынша өз қорларын әлі қамтамасыз етпеген аймақтар үшін Қырғызстанда арзан бағамен келісім-шарт жасауды ұсынамын, біз «Qaztrade» АҚ арқылы қолдау көрсете аламыз. Осы уақытта көкөніс қорларын брондауды дереу бастаңыздар», — деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Тегтер: бағакөкөнісҚазақстанСерік Жұманғарин

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz