Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстан мен Түркия арасында ақпарат алмасу жеңілдейді

Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Түркия арасында ақпарат алмасуды оңайлатуды көздейтін заң жобасы мақұлданды.

07.09.2023
Саясат

Бүгін сенаторлар «Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын қарастырды.

Депутат Бекболат Орынбековтің айтуынша, аталған келісімге 2022 жылғы 10 мамырда Мемлекет басшысының Анкарадағы сапары шеңберінде қол қойылған.

 «Түркия Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып, сауда қарым-қатынасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді есепке алмағанда, 3-орынға ие. Келісімді ратификациялау екі мемлекеттің арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтермен электрондық алмасу арқылы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға және жүргізу мерзімдерін қысқартуға бағытталған. Осылайша, кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау көзделген», — деді сенатор.

Сондай-ақ Бекболат Орынбеков қаралып отырған заңның ережелеріне сәйкес ақпарат алмасу, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға төмендегідей артықшылықтар қарастырылғанын атап өтті:

  • өткізу пункттерінде шекарадан өтудің басым тәртібін іске асыруды;
  • кедендік бақылау уақытын қысқарту мақсатында кедендік формальдықтарды оңайлатуды;
  • кеден ісі саласында құқықбұзушылықтардың және контрабанданың белгілері болған жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінде кедендік жете тексеруден босату.

«Сондай-ақ берілетін мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тараптардың уәкілетті органдары ақпарат алмасудың техникалық шарттарын жеке әзірлейтін болады. Ережеде кеден органдары аталған құжаттың шарттары орындалуы үшін мағлұматтармен бөлісуге жауапты және тікелей байланыстарды іске асыруға уәкілеттік берілген құзыретті лауазымды адамдардың тізімі айқындалады. Ақпараттандырудың техникалық шарттарын әзірлеп, пилоттық жобаны іске асыруға кіріседі. Бұл процесс аяқталғаннан кейін, қос елдің кеден органдары мәліметтермен тұрақты негізде ақпарат алмасуды қолға алады. Заң, Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталғанын көрсетеді», — деді сенатор.

Депутаттың пікірінше, құжатты қабылдау, теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды.

Келісімді іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы талап етілмейді.

Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы мақұлданды. Енді құжат президенттің қол қойылуына жіберіледі.

Тегтер: ҚазақстанТүркия

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz