Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президенттің қолтаңбасы бар көлік енді кімге сатылады — Тоқаев Қостанайдағы автокөлік шығаратын өндірісті іске қосты

Президент Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Allur зауытына барып, Kia автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін (CKD) іске қосты, деп хабарлайды Ақорда.

22.01.2023
Саясат
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын жұмысы таныстырылып, алдағы жоспары баяндалды.

Зауыт басшылығының айтуынша, былтыр 614,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылы зауыт құны 21,5 миллиард теңге болатын өнім экспорттады. Кәсіпорында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Allur автомобиль зауытының жаңадан іске қосылған желісі Kia Sportage моделіне арналған. CKD – шанақтарды дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі технологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын шағын торапты автомобиль өндірісі. Ол үшін арнайы цехтар ашылған. Kia өндірісінің осы технологиялары Орталық Азия мен ТМД бойынша Қазақстанда ғана орналасқан.

Президент зауытты аралау барысында жас жұмысшылармен әңгімелесіп, оларға қолдау білдірді. Зауыттың бөлім басшысы Әділ Шайкемелов Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын туралы мәлімет берді.

«Шын мәнінде, зауыт өте керемет екен. Таза әрі өндіріс мәдениеті өте жоғары. Біз жаңа ғана Кіа Sportage көлігін көрдік. Бұл көліктің сапасы өте жоғары. Сондықтан сұраныс жоғары болады деп ойлаймыз. Біз келешекте инвесторлар шақырып бұл зауытты ұлғайтамыз. Зауыттың болашағына байланысты ешқандай мәселе жоқ деп ойлаймын. Жастарға үлкен мән беріп отырмыз. Сондықтан бәрі дұрыс болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Зауыт өкілдері биыл Kia Cerato шығаратын CKD желісін іске қосу жоспарланғанын атап өтті. Сондықтан компания техникалық бағыттағы оқу орындарымен тұрақты жұмыс жүргізуді бастаған. Осы ретте кәсіпорын басшылығы техникалық оқу орындарының студенттері мен түлектеріне арналған 250 орындық кампус үлгісіндегі жаңа заманауи жатақхана құрылысының басталғанын мәлімдеді.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жүзеге асырылып жатқан 3 жоба мен болашақта қолға алынатын басқа да инвестициялық бастамалар туралы баяндады.

Орындалып жатқан жобалардың алғашқысы – темір құю цехының құрылысы. Биыл іске қосылатын кәсіпорында 300 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Оның құны – 78,2 миллиард теңге. Жылына 45 мың тонна құйма құятын жоба инновациялық өнім көлемін 8 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жүзеге асырылып жатқан екінші жоба – жүк көліктерінің бөлшектерін шығаратын зауыттың құрылысы. Кәсіпорын 2 жылдан соң іске қосылады. 360 адамға тұрақты жұмыс орын ұсынатын жобаның құны – 82,5 миллиард теңге.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

1 of 6
- +

Тегтер: Басты жаңалықтарҚасым-Жомарт ТоқаевҚостанаймемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz