Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларын Қазақстанда өтетін 6-шы Консультативтік кездесуге шақырды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия» туристік брендін бірге насихаттай отырып, елдеріміздің бірегей табиғатын және өзіне тән бай мәдениетін бүкіл әлемге таныстыруға керемет мүмкіндігіміз бар екенін айтты.

14.09.2023
Саясат

Мемлекет басшысының пайымынша, ақпараттық кеңістіктегі ынтымақтастықты жандандырудың перспективасы зор.

«Жоғары сапалы ортақ медиажобаларды жүзеге асыру, соның ішінде жалпыөңірлік телеарна, жаңалықтар сайтын құру ісіне кірісуді ұсынамын. Бұл міндеттердің орындалуы Орталық Азия елдерінің салалық ведомстволары және ақпарат агенттіктері арасындағы тұрақты диалогқа септігін тигізеді», — деді ол.

Президенттің ұсыныстары мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынасты жаңа сапалы деңгейге көтеру ниетінен туындап отыр.

«Қазақстан өңірдегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да атап өткім келеді. Құрметті әріптестер, Сіздерді Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Қазақстанда өтетін 6-шы Консультативтік кездесуіне шақырамын. Алдағы міндеттердің табысты жүзеге асырылуы достықты, тату көршілік қарым-қатынасты және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деді содан соң Мемлекет басшысы.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz