Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттің балаларды отбасынан тартып алуға құқылы екені рас па? Вице-министр жауап берді

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балаларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
28.03.2024
Жаңалықтар, Саясат
Фото: РИА Новости/Константин Чалабов

Фото: РИА Новости/Константин Чалабов

Ол қазір Парламентте әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобалары қаралып жатқанын айтты.

Фотосурет: primeminister.kz.
«Соңғы уақытта мемлекеттік органдар балаларды отбасыларынан тартып алады деген жаңа норманың қабылданғаны жайлы теріс ақпарат таратылуда. Біз ресми түрде мәлімдейміз: бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қаралып жатқан заң жобаларында және Парламенттегі басқа да нормативті құқықтық актілерде балаларды отбасыларынан тартып алуға мүмкіндік беретін бірде-бір норма жоқ», — деді Еділ Оспан.

Сонымен қатар, ол мемлекет саясаты балаларды қорғауға және отбасын сақтауға бағытталғанын айтты. Қазіргі уақытта, үкімет қиын жағдайларға тап болған отбасыларды қолдау мақсатында кешенді шаралар жоспарын қабылдап жатыр. Мысалы, отбасын қолдау және кәмелетке толмағандарға психологиялық қолдау орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

«Құрметті ата-аналар фейктерге емес, тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз!», — деп ескерті вице-министр.
Басты беттегі фотосурет pravozashitnik.info сайтынан алынды.
Тегтер: әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауБалаларды отбасынан тартып алу туралы заңБасты жаңалықтареділ оспаноқу-ағарту вице-министрі

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz