Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Президент Құрбан айттың адамдарды мейірімділік пен ізгілікке үндейтін мереке екенін айтты.

28.06.2023
Саясат

«Қадірлі отандастар!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді.

Айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілейді. Шынайы көңілмен мұқтаж жандарға жәрдемдеседі. Мұның бәрі жұртшылықты жақындастырып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті, бейбітшілікті және келісімді нығайта түседі.

Мейірімділік, имандылық, қайырымдылық – халқымызға тән ізгі қасиеттер. Ұлық мерекенің ұлағаты жұртымыздың табиғатына етене жақын. Сондықтан бұл мейрам ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, бірге жасап келеді.

Баршаңыздың дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!», — деді Президент құттықтауында.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаевқұрбан айтмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Көлсай көлдерінде аттан құлаған туристер құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Алматы облысында инвесторлардың құқығын бұзған 18 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Марат Сұлтанғазиев Шелек ауылындағы әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz