Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Келесі жылдың 1 ақпанынан Ұлттық қор табысынан балаларға қаражат аударыла бастайды

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты.

26.10.2023
Саясат

«Алғашқы аударым 2024 жылдың 1 ақпанында түседі. Өздеріңіз білетіндей, бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарында іске қосылады. Одан кейін есептеулер жүргізу үшін бір балаға соманы анықтау қажет болады. Бұл қарапайым арифметика, 18 жылдағы инвестициялық кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың санына бөлінеді. Сол арқылы бір балаға берілетін сома анықталады. Және де аударым алдағы жылдың 1 ақпанынан жүзеге асырылады. 1 ақпаннан кейін 18-ге толған балалар электронды платформа арқылы ақшаны шешіп алуға өтінш беруге құқылы», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, балалардың ата-аналары шотқа ақша түскенін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан тексере алады.

«Ол үшін баланың ЖСН-ін енгізіп, қаражат түскенін не түспегенін тексеру қажет. Ол жерде 2024 жылға ғана түсетін қаражат болады. Ал бірнеше жылға түсетін қаражатты көру үшін Egov-тағы жеке кабинетке кіру керек», — деді вице-министр.

Тегтер: Ұлттық қор

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz