Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Экология министрі тағайындалды

Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне Зүлфия Сүлейменова тағайындалды, деп хабарлады Тelegram-дағы Борт N1 арнасы.

04.01.2023
Саясат

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған Жарлықта.

Президенттің Жарлығымен Серікқали Брекешев Экология министрі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова 1990 жылғы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген, ұлты – қазақ. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірді. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жопанияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің резервшісі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады.

2020 жылғы қаңтардан бастап 2021 жылғы қаңтарға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің, Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.

2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы наурыз аралығында Мәжіліс депутаты болды.

2022 жылғы наурыздан бастап осы күнге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Тегтер: жарлықмемлекет басшысыЭкология министрі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz