Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

ЕДБ Қазақстан мен Қытай шекарасында шекаралық өткел салу жобасын қаржыландырады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады.

26.01.2023
Саясат

Кездесу барысында мемлекет басшысына Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) жұмысының нәтижелері және Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жоспары, сондай-ақ банктің алдағы кезеңге арналған болжамдары жөнінде мәлімет берілді.

Биыл банк елімізге 1,1 миллиард доллардан аса қаржы құюға және халықаралық инвестициялардың қазақстандық жобаларға тартылуына ықпал етуге ниетті. Көлік инфрақұрылымы және логистика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, жасыл энергетика және су ресурстары секілді салаларға басымдық беріледі.

Николай Подгузов былтыр Еуразиялық даму банкі Қазақстанға құйылған инвестиция мөлшерін 2021 жылмен салыстырғанда 5 есе өсіріп, 1,2 милиард долларға жеткізгенін, барлық жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындағанын айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына еларалық интеграциялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндалды. Атап айтқанда Аягөз – Бақты теміржол желісінің және Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара өткелінің құрылысы, сондай-ақ Астрахань – Маңғышлақ су құбырын жаңғырту сияқты жобалар.

Бұдан бөлек президентке ЕДБ басқарма төрағасы биыл 15-17 мамыр күндері Алматыда өтетін Азия-Тынық мұхиты аймағының даму институттары қауымдастығының (ADFIAP) кездесуіне дайындық барысын баяндады. Жиынға әлемнің 40 елінен 80-нен астам даму институты, сондай-ақ халықаралық құрылымдар, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің салалық министрліктері қатысып, еліміздің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасына инвестиция құю мәселелерін талқылайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев интеграциялық үдерістерде Еуразиялық даму банкінің белсенді рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, банктің инфрақұрылымды жаңғырту және салу жөніндегі жобаларға қатысуы Қазақстан экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады.

Тегтер: қаржыҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысышекара

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Halyk Open Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

Нашақорлық – қоғамға төнген қауіпті дерт

Диана Ахметова
07.08.2026

Алкогольсіз қоғам: денсаулық пен тұрақтылық жолы

Диана Ахметова
07.08.2026

Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы

Диана Ахметова
07.08.2026

Заңға бағыну – азаматтық парыз

Диана Ахметова
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz