Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Депутат дәрігерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Елордадағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің 40 пайызында өз баспанасы жоқ. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Бибигүл Жексенбай айтты.

21.09.2023
Саясат

«Халықты тиімді баға бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында әскери қызметшілер және басқа әлеуметтік жағынан әлсіз топтар өкілдері баспана ала алады. Бірақ медицина қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген несиемен үй алуға мүмкіндік беретін бірде-бір бағдарлама жоқ. Медицина қызметкерлері деген санатқа кіретіндерге бөлек тұрғын үй бағдарламасын немесе жеңілдетілген несие беру туралы бағдарлама қабылдау мәселесін қарастыруыңызды сұраймын», — деді Б. Жексенбай Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Депутат медицина қызметкерлері үшін демалыс күндерін ұлғайту мәселесіне де Үкіметтің назарын аударды. Емханадағы медицина қызметкерлерінің жыл сайынғы еңбек демалысы күндерінің жалпы саны еңбек жағдайына байланысты күнтізбе бойынша 36-дан 42 күнге дейін болады.

«Педагогтың мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, педагогтарға жыл сайын ұзақтығы 56 күнге ақылы еңбек демалысына кепілдік беріледі. Осының негізінде медицина қызметкерлері еңбек жағдайларына байланысты кемінде 40 күн және одан да көп күнді құрайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мерзімін көбейту мәселесін қарауды сұрап отыр», — деді Бибигүл Жексенбай.

Соңғы жаңалықтар

Алкоголизм – қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
23.07.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Диана Ахметова
23.07.2026

Алматы облысында жабайы қарасора жинаған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
23.07.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Диана Ахметова
23.07.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Диана Ахметова
23.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz