Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Білім саласында 30 жылдан астам еңбек еткен ұстаз «Еңбек ардагері» медалін алады

Білім саласында 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар ұстаз «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

25.08.2023
Саясат

«Педагогтарды марапаттау тетіктерін өзгерту мәселесі пысықталып жатыр. «Марапат өз иесін табады» деген халық даналығы бар. Мұғалім қоғамның басты тұлғасына айналуға тиіс. Қазақтың ұлы ағартушы ақыны Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деп айтып кеткен», — деді министр Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның атап өтуінше, министрлікке педагогтар тарапынан ұзақ жылдар бойы жұмыс істесе де, еңбегіне орай еш награда алмағаны жайлы шағым жиі түседі.

«Біздің әрқайсымыз үшін ұстаз – өмір жолымызды айқындайтын, тұлға болып қалыптасуымызға негіз қалайтын адам. Ұстаздар талай ұрпақты оқытып, тәрбиелейді. Сондықтан да біз педагогтың бұрынғы имиджін одан сайын көтеруге міндеттіміз. Ол үшін министрлік білім саласында 30 және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар мұғалімдерді «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау жөнінде шешім қабылдады», — деді Ғани Бейсембаев.

Тегтер: Ғани БейсембаевЕңбек ардагерімедаль

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz