Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса назар аударып отыр — Президент

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның маңыздылығы жайлы айтты.

03.11.2023
Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысушыларды қарсы алды.

«Ең алдымен бауырым Режеп Тайып Ердоған мырзаға және барша түрік ағайындарға Түркияның 100 жылдық мерейтойы құтты болсын! Ұлы тұлғалардың арқасында бүгінде Түркия бүкіл әлемге ықпалы бар, қуатты мемлекетке айналды», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жиынға жиналған Мемлекет басшыларына, ұйымның қазіргі төрағасы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосықаны үшін ерекше алғыс айтты.

«Құрметті саммитке қатысушылар, өздеріңізге мәлім, осы күнге дейін біраз шаруа атқарылды. Нақты жетістіктеріміз бар. Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркі тілдес мемлекеттер ынтақтастығы кеңесі қазір толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналды. «Түркі әлемінің келешегі-2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Орталық құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынетымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат  — өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, ұрпаққа  табыстау. Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болды. Сондықтан түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу бәрімізге ортақ міндеті», — деді ол.

Тегтер: мемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz