Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Астанадағы митингке қатысты полиция түсініктеме берді

Астанада тәртіп сақшылары заңсыз митингінің жолын кесті.

27.11.2022
Саясат

Полицияның хабарлауынша, 26 қарашада кешкі уақытта Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылған. Оны ұйымдастырушы кәсіпкер 300-ге жуық жастарды жинаған.

«Жиын барысында ұйымдастырушы жиналғандарға жалған ақпарат беріп, бейбіт жиналыстар өткізудің заңда белгіленген тәртібін бұза отырып, оларды өзінің жеке құқыққа қайшы мақсатына қол жеткізу үшін заңсыз шеруге шақырған. Арандату нәтижесінде қоғамдық тәртіп өрескел бұзылып, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі жасалған», — деді
ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

Жиынға қатысушылар полицияның заңсыз әрекетті тоқтату туралы талабын ескермей, дауыс үлкейткішті қолданған, ұйымдастырушының шақыруымен тәртіпті бұзуды жалғастыра берген.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция заңсыз әрекеттердің жолын кесу шараларын қабылдауға мәжбүр болды. Бұл ретте заңсыз шеруге қатысушылар қызметкерлерге бағынбай, қарсылық көрсетті.

Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі.

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz