Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

8 айда ел экономикасы 4,9 пайыз өсті 

Биыл 8 айда ел экономикасы 4,9 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты.

13.09.2023
Саясат

«Биыл қантар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9 пайызды құрады. Оның ішінде нақты сектор – 4,4, ал қызмет көрсету саласы 4,8 пайызға өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсімді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2 пайызды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49, білім беруде – 31,9, саудада – 30,1, ауыл шаруашылығында – 20,7, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 5,7 пайызға артты», — деді ол.

Вице-министр дерегінше, өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы саудада тауар айналымы 5,7 пайызға өсіп, 79,5 млрд долларды құрады. Экспорт 44,8 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 34,7 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 10 млрд долларға тең», — деді Азамат Әмрин

Тегтер: Қазақстанэкономика

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz