Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

4 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды – Аида Балаева

Ел өңірлерінде отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін 68 отбасылық қолдау орталығы жұмыс істейді. Келесі жылы барлығына бірыңғай жұмыс тәсілдері енгізіледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында айтты.

17.10.2023
Саясат

«Өкінішке қарай, бүгінгі статистика көңіл көншітпейді. Соңғы 4,5 жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген. Сондықтан алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу біздің жіті назарымызда», — деді министр.

Оның айтуынша, отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін өңірлерде 68 отбасылық қолдау орталығы жұмыс істейді. Оның 19-ы уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибе 2019 жылдан бері бар.

«Жәрдемге мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша көмек көрсетіліп жатыр. Орталықтар психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетумен қатар, отбасы институтын нығайтуға жан-жақты қолдау жасайды. Тек осы жылдың басынан бастап 100 мыңнан астам кеңес берілді. Дегенмен қазіргі уақытта орталықтар қызметі біркелкі емес екенін мойындаймыз. Осыған байланысты министрлік орталықтардың қызметін стандарттау үшін бірыңғай Тұжырымдама жобасын әзірлеп жатыр», — деді А. Балаева.

Оның тағы бір маңызды бағыты – ведомствоаралық байланыс арқылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың жағдайына ықпал ету. Келесі жылдан бастап, Отбасын қолдау орталықтарының барлығына бірыңғай жұмыс тәсілдері енгізіледі.

Тегтер: Үкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz