Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Синоптиктер 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Alataunews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

22.11.2022
Жаңалықтар

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қар жаууы мүмкін», — делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады.

Түркістан, Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы солтүстік-батыстан 2-7, күндіз секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -6-8 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашын жауады, кей уақытта қатты (негізінен жаңбыр) жауып, тұман түседі. Жел жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -24, күндіз +6+8 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +10+12 градус болады.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz