«Достар, жақында біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Astana Hub әріптестерімен бірге Қазақстан Республикасында жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде деректерді өңдеу орталығы мен суперкомпьютер салу жобасы бойынша жұмыс тобының отырысын өткіздік. Бұл платформаның мақсаты – Қазақстан экономикасын дамыту үшін технологияларды тиімді енгізу және AI әлеуетін барынша толық пайдалану. Осы тұжырымдаманың аясында AI ұлттық орталығын ашу жоспарлануда. Жобаның миссиясы — алдағы жылдарда Қазақстанның AI трансформациясын жүзеге асыру. AI-дің ұлттық экономика мен қоғамға интеграциясы — тұрақты дамуды сақтаудың және болашақтың сын-қатерлеріне дайындалудың қажетті шарты болып табылады. Мемлекеттің AI ұлттық орталығын ашу жөніндегі жоспарлары — білім беру, инфрақұрылымды дамыту, венчурлық инвестициялар, сондай-ақ IT шешімдерінің экспортын қолдау саласындағы бірқатар негізгі бастамаларын қамтиды», — деп жазды Қуанышбек Есекеев Facebook-тегі парақшасында.