Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елде бірқатар салалар бойынша қызмет көрсету құны қымбаттады

Спорт саласы бойынша қызмет көлемі 76,8 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,1 пайызға артық, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Ulysmedia.kz жазған ақпаратқа сілтеме жасап.

20.09.2022
Жаңалықтар

Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметтер құны 177,9 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 91,6% артық. Халық есебінен көрсетілетін қызметтер көлемі 74%. Ауылдық жерлерде спорт саласында көрсетілген қызметтер көлемі 4 млрд теңгеге шықты. Ал демалыс және ойын-сауық саласында 21,6 млрд теңгені құрады.

Жергілікті бюджеттердің мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке жұмсаған шығындары бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 214,8 млрд теңгеге жетті, жылдық өсім 39,6%. Өңірлер бойынша жергілікті бюджет шығындарының ең көп көлемі Түркістан облысында тіркелген. Аталған өңірде 27,1 млрд теңге, жылдық өсім — 56% құрап отыр. Көшбасшылар үштігінде Алматы (20,5 млрд теңге, өсім 2 есе) және Қарағанды (18,4 млрд теңге, оған қоса 29,5%) облыстары бар.

Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау облысында байқалды. Барлығы 6,4 млрд теңге, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 25,6% артық. Алматыда мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бөлінген жергілікті бюджет шығындары бір жылда 53,9%, 18 млрд теңгеге дейін, ШҚО-да 13,9%, яғни 13 млрд теңгеге өсті. Биыл тамыз айының қорытындысы бойынша демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтердің бағасы бір жылда 9,4% өсті. Оның ішінде музыка оқыту бойынша сабақтар 5,7%, бассейндер (абонемент) қызметтері 11,3%, жаттығу залдары қызметтері (абонемент) 9,7% артқан.

Одан бөлек, мектеп жасындағы балаларға арналған спорт секцияларындағы сабақтар 5,9%, балаларға арналған аттракциондар қызметтері 14,4% қымбаттады. Өңірлер бойынша бағаның ең үлкен жылдық өсуі Атырау облысында 27,5% тіркелді. Одан әрі Алматы (22,6%) және БҚО (21%) бар. Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында байқалып, 1,7% құрап отыр.

Тегтер: Қазақстанқызмет көрсетуқымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында референдум күні жас жігіт сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

ОРК: Қазақстанда референдумда дауыс бергендердің үлесі 70 пайыздан асты

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Screenshot

Іле ауданында референдум учаскесіне суперқаһармандар келіп, дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында референдум учаскелері жабылар алдында белсенділік артты

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Байсеркеде байкерлер сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz