Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ел экономикасының 2023-2027 жылдарға арналған үш сценарийі әзірленді

Ел экономикасының алдағы 5 жылға арналған 3 сценарийі әзірленді. Ол бойынша жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімі 3,9 пайызға жетеді. Бұл туралы 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жобасын таныстырған Ұлттық Экономика министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

29.08.2022
Жаңалықтар

 

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, мұнайдың болжамды бағасы барреліне 110 доллар, АҚШ долларының бағамы 440 теңге деңгейінде анықталған. Ал экономиканың орташа жылдық өсімі 4,2 пайыз деңгейінде болады деп болжам жасалды.

«Экономиканың барлық базалық саласында оң өсу  күтіліп жатыр. Мәселен, өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 3,1 пайыз, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 3,5 пайыз, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 2,9 пайыз өседі. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсуі 3,9 пайызға жетеді. Құрылыс саласының болжамды өсуі орта есеппен 3,8 пайыз, сауда – 5,7 пайыз көтеріледі. Мұнай өндіру 2023 жылы 92,6 млн тонна, 2027 жылы 99,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

«Ал бюджет шығыстарының өсуі инфляция межесін ескергенде, ұзақ мерзімді экономикалық өсудің орташа деңгейінен аспайды. Жалпы алғанда, бюджет жобасы теңгерімді. Бюджет әлеуметтік сипатқа ие. Әлеуметтік салаға 2023 жылы 8 трлн теңге көзделген. Экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібін дамыту, бизнесті қолдау, көлік инфрақұрылымын дамыту және газдандыру басым бағыт болып отыр», – деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Үкімет отырысында үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы да мақұлданды. Ол ең алдымен мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық әрі уақытылы орындауға бағытталған. Премьер-Министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін трансферттер едәуір төмендейді.

Тегтер: үкіметҰлттық қор

Соңғы жаңалықтар

Мәңгілік ел идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Президент

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Alatau City-де Қазақстандағы алғашқы eVTOL аэротаксиі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Бас прокуратура халықаралық форумда инвесторларды қорғау тәжірибесін ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Тоқаев Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Еңбекшіқазақ ауданында ұстаздар арасында «UstazQuiz» Супер кубогы өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz