Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады.
«29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Ол 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.