Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Екібастұздағы ЖЭО-да 3 қазандық істен шықты

Екібастұз жылу электр орталығында (ЖЭО) 3 қазандық істен шықты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

08.01.2023
Жаңалықтар

Бүгін қаладағы кейбір үйлердің батареяларына жылу беру қарқыны төмендеп, олар суыған. «Павлодарэнерго» АҚ оның себебін түсіндірді.

«7 қаңтарға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай болды. 3 қазандық жұмысын тоқтатты», — деді «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры міндетін атқарушы Вадим Лесин.

Оның айтуынша, жұмысшылар шұғыл әрекет етіп, істен шыққан қазандықтарды жөндеген. Таңертең 2 қазандық жұмыс істей бастаған.

«Бүгінде 5 қазандық жұмыс істеп тұр. Қалаға берілетін жылудың темпетурасы 47 градусқа дейін төмендеді. Қазір ол көтеріліп жатыр. Жағдай бақылауда. Бәрі тұрақты болады. Тәулік соңына дейін тағы бір қазандықты жөндеуді аяқтаймыз», — деді Вадим Лесин.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз халқы қақаған суықта жылусыз қалды. «Екібастұзэнерго» ЖШС-ның хабарлауынша, 27 қарашада түнгі сағат 01:20 уақытында №11 жылу қазандығы тоқтаған. Сосын 01:30 шамасында үлкен көлемдегі желілік су шығынына байланысты, №13, 14 және 15 қазандықтар істен шыққан.

28 қарашада Екібастұз қаласының әкімі жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала аумағында техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады. Апат салдарынан көпқабатты 17 тұрғын үй және бірнеше әлеуметтік, заңды тұлға нысандары жылусыз қалды.

8 желтоқсанда Екібастұзда енгізілген төтенше жағдай алынды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Екібастұз қаласының әкімдігі (@ekibastuz_akimdigi)

Тегтер: Екібастұз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz