Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«еGov mobile» қосымшасында «eDensaulyq» деректер бөлімі іске қосылады

eGov mobile мобильді қосымшасында пилоттық режимде eDensaulyq жаңа бөлімі іске қосылып жатыр.

24.03.2023
Жаңалықтар

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Осыған байланысты елімізде цифрландыруды тереңдету және денсаулық сақтау саласындағы ақпарат жүйелерін біріктіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл орайда жеке медициналық деректердің таралу қаупін жою өте маңызды саналады.

Бүгінгі таңда пилоттық режимде «eGov mobile» мобильді қосымшасында «eDensaulyq» жаңа бөлімі іске қосылып жатыр, онда халықтың кеңейтілген медициналық деректері, оның ішінде донорлық мәртебесі (тірі кезіндегі), электронды рецептілер, медициналық қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер, жүктілік бойынша есепке тұру, диспансерлік есепке тұру, ауруханаға жатқызу деректері, вакциналау туралы ақпарат, зертханалық зерттеулер нәтижелері туралы мәліметтер, көрсетілген клиникалық-диагностикалық қызметтер (дәрігердің қабылдауы және т.б.), аурухана парақтары кіреді.

Айта кету керек, қосымшаның бір бөлімінде аталған деректердің жиналуы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Ел тұрғындары кез келген уақытта өздерінің медициналық деректеріне қатысты қажетті ақпаратты ала алады.

«Медициналық көмекті одан да қолжетімді ету, үйден шықпай алуға болатын қызметтер тізімін ұлғайтып, олардың сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау саласын цифрландыру процестерін жандандыру және тереңдету қажет», — деді Алтай Көлгінов.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға құпия медициналық деректерді қорғау керектігін ескере отырып, ақпарат жүйелерін біріктіру және цифрлық медицинаны одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.

Тегтер: eDensaulyqеGov mobileқосымша

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz