Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457-462 теңгеден, Ресей рублі 4,75-4,9 теңгеден сатылуда.
Ал Алматыда доллар бағамы 458,5-463,5 теңге, көрші ел валютасы 4,83-5,07 теңге аралығында құбылып тұр.
KASE-де 16 тамызда кешке өткен сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 5,81 теңгеге қымбаттап, 455,29 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы: 1 доллар – 454,30 теңге, рубль – 4,70 теңге.
Айта кетейік, кеше Қор нарығында доллар бағасы күрт көтерілген болатын.





