Нұрасыл Болат әскери бөлім бастығының бұйрығын орындаудан бас тартып, әскери бөлімнен қашып кеткен еді. Сот 2 шілдеде әскери қызметші, қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат Алматы гарнизонының гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне өтуге міндетті екенін анықтады.
«Алайда, ол лейтенант А. жеткізген бөлім командирінің бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартты және әскери полиция басқармасының ғимаратына келген көлікпен қашып кетті», — делінген сот мәліметінде.
Сот ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Нұрасыл Болатты кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.