Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БЖЗҚ «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында алғашқы жинақтардың кімге түскенін айтты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша түскен ақша бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

«»Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы бойынша, БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті», — делінген мәлімдемеде.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың аяғындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелген. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны — 6 919 131 бала. Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады.

«Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді.

Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды. Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі», — делінген хабарламада.

БЖЗҚ мәліметінше, 18 жасқа 2024 жылы толатын балаларға аталған сома олардың БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түскен. Бағдарламаның бұл қатысушылары өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үйге немесе білім алуға кәмелетке толғаннан кейін бірден пайдалануға құқылы болады.

«Нысаналы талаптар – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің 18 жасқа дейінгі азаматтары болып табылатын балалары алдындағы Ұлттық қорда жыл сайынғы инвестициялық кірістің 50 пайыз есебінен қалыптастырылатын міндеттемелері екенін естеріңізге саламыз. Ол соңғы 18 жылда (есепті жылдың алдындағы) орташаланған кірістілік мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Нысаналы талаптар ретінде ескерілетін қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін инвестициялануын жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептеледі», — делінген хабарламада.

Заңға сәйкес, нысаналы талаптарды пайдалану құқығы бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайда болады. Бала 18 жасқа толған жылы жинақталған нысаналы талаптар сомасы БЖЗҚ-да ашылған баланың нысаналы жинақтау шотына тұрғын үйге немесе білім алуға пайдалану үшін аударылады.

 

Тегтер: ақшабалаБасты жаңалықтарҰлттық қор

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

Алматы облысында белгілі жазушы Сәуле Досжанмен рухани кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz