Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы: «Business Lady Qazaqstan — 2022» байқауының жеңімпазы анықталды

Алматыда "Business Lаdy Qazaqstan-2022" республикалық байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты қазақстандық кәсіпкер әйелдерге өз жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беру. Биылғы байқауда бас жүлде алматылық қай аруға бұйырғаны туралы Alataunews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

20.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Суретті түсірген Дастан Маратұлы

Суретті түсірген Дастан Маратұлы

«Business Lаdy Qazaqstan-2022» жобасының Алматы облысында өткен іріктеу кезеңіне 8 кәсіпкер әйел қатысты: Бибігүл Керімова, Вероника Мартени, Жанар Келгенбаева, Альфия Өтеғалиева, Қымбат Өмірбекова, Анар Ақжанова, Жібек Мұсалдаева, Әлия Сүлейменова.

Суретті түсірген Дастан Маратұлы

Кәсіпкер арулардың барлығы өмірдің қиындығына қарсы тұрған, сөйтіп армандарына қол жеткізген жандар.

«Business Lаdy Qazaqstan-2022» жобасына кез келген әйел қатыса алады. Бір ғана шарты сол — кәсіпкер болу. Байқау аясында қатысушылар өздерін таныстырып, қазылар алқасы қойған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би билеп, қол өнер туындысын жасады. Алайда, сахна төріне шығып, халық алдында сынға түсу де бәріне бірдей оңайға түсе қойған жоқ.

«Біз үшін бұл жобаға кәсіпкер әйелдердің көптеп қатысқаны керек. Біз олардың еңбегін халыққа көрсеткіміз келеді. Бірақ, нәзік жанды кәсіпкерлер сахнаға шығуға қорқады. Олар өз қолдарымен аса керемет дүниелер жасап шығарады, мықты жобалар жасайды, бірақ өз өнімдерін сатуға келгенде жасқаншақтық танытады. Біздің жоба арқылы олар өз өнімдерін сатып қана қоймайды, биікке көтеріледі. Өйткені біз олар үшін сондай мүмкіндіктер сыйлаймыз. Жеке басының дамуына ықпал етеміз. Тәжірибелі жаттықтырушыларды шақырамыз олар үшін. Біздің жобаға қатысқан арулардың қаншалықты жақсы өзгергенін «дейін» және «кейін» деп салыстыру арқылы байқауға болады», — дейді жобаның бас продюсері Аида Хамзина.

Суретті түсірген Дастан Маратұлы

Аида Хамзинаның айтуынша, қазіргі таңда көптеген әйелдер бизнеске бет бұрған. Әсіресе жас буын кәсіпкерлер «Business Lаdy Qazaqstan-2022» жобасына қатысуға көптеп өтініш береді. Бұл жоба өздерін ғана көрсетіп қоймай, тәжірибе алмасып, іскер байланыс орнатып, өзінің талантты тұстарымен бөлісіп, сондай-ақ бизнес саласындағы кейбір мәселелерді бірлесіп шешуге үлкен мүмкіндік береді.

«Біздің байқау — сән байқауы емес. Бұл шығармашылық пен бизнеске апаратын жол. Біздің кейіпкерлердің қоғам мен мемлекетке тигізген пайдасын елге көрсету. Мысалға, біз әртүрлі брендтерді білеміз. Бірақ, оны қандай адам жасағанын білмейміз. «Business Lаdy Qazaqstan-2022» жобасына қатысқан бизнес ледилер бұл үлкен жолға қалай келгенін, қандай қиындықтарды жеңіп шыққанын айтып, әріптестерімен бөліседі. Бұл баға жетпес тәжірибе биіктікті бағындырам деген талай әйелге үлкен пайдасын тигізері хақ», — дейді Аида Хамзина

Суретті түсірген Дастан Маратұлы

Байқауға қатысушылардың деңгейін бағалаған тәуелсіз қазылар алқасы: үздік кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен іскер орта өкілдері және сарапшылар болды.

Өнер қашан да алдыңғы орында

Байқауда бас жүлде мен 1 миллион теңгенің сертификатын Анар Ақжанова жеңіп алды. Қыл қалам шеберінің бала күнінен есту қабілеті нашар. Бірақ, қатал тағдырға қарамай талай биіктерді бағындырды. Анар Абжанова жансыз бояуға жан бітірген суретші. Ол байқауға небәрі 1 күн ғана дайындалғанын айтады. Ол гүлдеген өріктің қазақша сакурасын суреттеген. Бұл туындысын арнайы технология арқылы киімге бейнелеген. Анар Абжанова бала күнінен сурет салуға әуес. Ол өзінің алғашқы картинасын 12 жасында сатқан көрінеді. Қылқалам шеберінің туындылары Қазақстан және шетел байқауларында жоғары бағаланып, өз көрермендерінің лайықты бағасын алып келеді.

«25 жасыма дейін мен көптеген байқауларға қатыстым. Қазіргі мақсатым кәсіпкерлікпен айналысу. Өзім арнайы топ құрып, жаңа деңгейге көтерілсем деймін. Қазақстан және шетелдерде жаңа нарықта өз өнерімді көрермен назарына ұсынсам деп ойлаймын», — дейді Анар Абжанова.

Анар өзінің денсаулығына қатысты қиындықтарға қарамастан адамдарға деген сенімді ешқашан жоғалтпағанын айтады. Жеңімпаз қызды тығырыққа тірейтін өнерін паш етуде қаражаттың аздығы.

«Ең үлкен қиындық — қаржының болмауы. Бірақ мен ешбір қиындыққа қарамастан барлық инвесторлардың есігін қағып, өнеріме қолдау көрсетуін өтініп сұрайтын боламын. Қазіргі таңда көптеген суретшілер шеберханаларда отырып, кәсіпкер болу өте қиын деп айтады. Мен оның бәрін түсінемін. Бірақ, өз арманыма қол жеткізу үшін аянбай еңбек етемін. Болашақта өз командама басқа суретшілерді де тартамын, олардың шығармашылығына жол ашамын. Өнер біздің мемлекетте қолжетімді болу керек», — дейді Анар Абжанова.

Анар Абжанова биыл қараша айында Алматыда өтетін «Business Lady Award-2022» республикалық байқауында аймақтың намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, аталған жоба 2018 жылдан бастап республиканың барлық аймақтарында ұйымдастырылып келеді. «Business Lady Award-2022» жобасына кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын әйел қатыса алады.

Суретті түсірген Дастан Маратұлы
Суретті түсірген Дастан Маратұлы
Суретті түсірген Дастан Маратұлы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz