Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады

1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүруге рұқсат жоқ.

01.12.2022
Жаңалықтар

Мұндай норма «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 590-бабы 5-бөлігінде көзделген. Яғни, 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ( 15 900 теңге) айыппұл салынады.

Ішкі істер министрлігі қыстың басталуы мен суық ауа райына байланысты жолдардағы көлік қозғалысы ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті. Аталған ереже бір жыл ішінде қайталап бұзылса, айыппұл көлемі артады.

Мұндай талапқа жазғы шинаның қыста қатып қалатыны себеп. Бұл көлік қозғалысының тәртібін бұзуға, тіпті, кейде көлік апаттарына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ал қысқы дөңгелектерге қойылатын талап Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті арқылы реттеледі. Ол регламент бойынша, қыс мезгілінде жүруге рұқсат етілетін бұдырлы шиналар «М+S», «M&S» және «MS» белгілерімен таңбаланады. Ал шинадағы кедір-бұдырдың тереңдігі 4 миллиметрден кем болмауы шарт.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz