Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгін — Қазақстан Әскери-әуе күштері күні

1998 жылы 2 шілдеде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштерін құру туралы директива шықты. Осы уақыт ішінде әскери авиация кең ауқымды тапсырмаларды шешуге қабілетті заманауи қуатты құрылымға дейінгі жолдан жүріп өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Әуе күштері мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Олардың негізгі міндеті — әуе кеңістігін қорғау, стратегиялық маңызды нысандарды бүркемелеу, Құрлық әскерлерінің әрекетіне қолдау көрсету. Ұшу бөлімшелері заманауи ұшақтармен және тікұшақтармен жабдықталған. Олардың қатарында көпфункционалды Су-30СМ, Су-27 жойғыш ұшақтары, L-39 оқу-жауынгерлік, Ми-171Ш және Ми-35М көліктік-жауынгерлік және соққы беруші тікұшақтары, сондай-ақ Airbus Military шығарған А-400М ұшақтары бар.

Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін кәсіби кадрларды Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында даярлайды. Онда курсанттар теорияны меңгеріп, заманауи тренажерларда жаттығады және ұшуға дайындықтан өтеді. Институт түлектері ұшқыштар, штурмандар, техниктер және әскери авиация құрамының басқа да маңызды санаттарының қатарын толықтырады.

Өзгермелі геосаяси жағдайда әуе күштері дамуын жалғастыруда. Осыған сәйкес оқу бағдарламалары қайта қаралды. Дайындықтың жаңа әдістемелері енгізіліп, халықаралық және түраралық оқу-жаттығуларға қатысу жандануда. Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға, одақтастармен қарым-қатынасты шыңдауға және жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ұшқыштардың кәсібилігі мен адалдығын көрсеткен жарқын эпизодтардың бірі 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде орын алды. Күрделі ауа райы жағдайында тікұшақтар мен ұшақтардың экипаждары тұрғындарды су басқан елді мекендерден эвакуациялауды қамтамасыз етті. Бір айда 600-ге жуық ұшу орындалып, 3,5 мыңнан астам адам құтқарылды. Екі мыңға жуық маман және 280 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.

Осы жетістіктердің артында ұшу және инженерлік құрам, байланысшы, метеоролог, техник және азаматтық қызметкерлер секілді үлкен ұжымның күнделікті жұмысы тұр. Олардың кәсібилігі  Қазақстанның сенімді және заманауи авиациясының негізі деуге тұрарлық.

Тегтер: әскери ұшқышқазақстанмереке

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz