Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгін – металлургтер күні

Бүгін Қазақстанда металлургия саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіліп жатыр. Бұл күн – елдің ауыр өнеркәсіп секторында еңбек етіп жүрген мыңдаған маманның кәсібіне деген құрметтің белгісі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.07.2025
Жаңалықтар

Металлург күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы Жарлығымен белгіленген және жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл – ел экономикасының тірегі саналатын өнеркәсіп саласы үшін аса маңызды мерекелердің бірі.

Металлургия – экономиканың іргелі саласы. Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің негізі. Шойын мен болат өндірісінсіз құрылыс, машина жасау, кеме және ұшақ құрастыру секілді стратегиялық маңызы зор салаларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестің негізін қалаушы салалардың бірі ретінде металлургияға ерекше мән беріледі.

Сондай-ақ, Қазақстанның түсті металлургиясы – елдің ең көне әрі жетекші өнеркәсіп салаларының бірі. Бұл бағыттың дамуы еліміздің пайдалы қазбаларға бай жер қойнауымен тікелей байланысты. Түсті металдар кен орындарының көп болуы өндірістік кешеннің нығаюына ықпал етіп келеді.

Түсті металлургияда Қазақстан мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, мишьяк, сүрме және сынап сынды металдарды өндіруде елеулі орын алады. Сонымен қатар, алтын, күміс және сирек кездесетін бағалы металдарды – осмий, палладий, иридий, родий және басқа да элементтерді өндіру мен қайта өңдеу еліміздің алтын-валюта қорын толықтырудың маңызды көзі саналады.

Қазақстан металлургиясын дамыту – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Бұл салада еңбек етіп жүрген барлық металлургтерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тегтер: қазақстанмереке

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz