Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
Астанада күннің екінші жартысында найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 25 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстікте, орталықта күші 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36, облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз солтүстікте, оңтүстік-шығыста күші 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкентте 28 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең жағалауда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, найзағай күтіледі. 28-29 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 28 маусымда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 19 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
Алматыда күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.