Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау қашан соғылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2025
Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қыркүйегі дүйсенбіге сәйкес келгенімен, бұл күн Конституция күніне байланысты демалыс ретінде белгіленді. Осылайша, қазақстандықтар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері қатарынан үш күн демалатын болды.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 1 қыркүйек – елімізде білім күні ретінде аталып өтетін маңызды дата. Алайда ол кейде демалыс күндеріне сәйкес келіп жатады. Осындай жағдайларда шешімді педагогикалық кеңестер қабылдайды.

«Педагогикалық кеңес мүшелері жаңа оқу жылын ресми түрде 2 қыркүйектен бастау жөнінде шешім қабылдады. Дегенмен, алғашқы қоңырау – бірінші сынып оқушылары үшін аса маңызды, символдық сәт. Сондықтан тек бірінші сыныпқа арналған алғашқы қоңырау 1 қыркүйек күні өткізіледі», – деді Ғани Бейсембаев.

Осылайша, 1 қыркүйекте тек бірінші сынып оқушылары үшін салтанатты шара өтеді. Ал еліміздегі барлық мектептерде оқу процесі ресми түрде 2 қыркүйекте басталады.

Тегтер: білімминистр

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы. Алдын-ала болжаммен Парламентке өткен партиялар аталды

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

ЕҚЫҰ Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты алғашқы қорытындысын жариялады

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

Алматы облысының тауларында адасып кеткен екі турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

Жібек жолы – Қаскелең арасы 10 қыркүйекке дейін жабылады

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz