Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бір мекенжайға тұрақты тіркелмеген азаматтарға SMS хабарлама жіберіле бастады

ІІМ 21 қазаннан бастап тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға SMS хабарлама жіберуді бастады, деп хабарлайды Alataunews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21.10.2022
Жаңалықтар

Eгер сізге осындай SMS хабарлама келіп түскен болса, онда ІІМ дерекқорында сіздің тіркелгеніңіз туралы мәлімет жоқ деген сөз.

Сондықтан сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелу қажет. Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты — нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруға байланысты әкімшілік заңбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайту.

Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы).

Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі «Электронды үкімет» порталында, сондай-ақ «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында қолжетімді.

Сіз өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңізді порталдағы «жеке кабинетте» (eGov.kz) немесе «eGov mobile» мобильді қосымшасында тексере аласыз.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz