Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы «Шаңырақ күні» Бейсен Құранбектің отбасылық қағитаттарын еске алды

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Мөлдір Иманмади
17.03.2025
Жаңалықтар, Қоғам

Шаңырақ көтеруге ниетті екі жас отбасындағы тәртіпті алдын ала келісіп алғаны дұрыс. Яғни, үйленбей тұрып, болашақ өмірі жайлы сұхбат құрып, көптеген сұрақтарды келісіп алу қажет. Өзара ережелерді алдын-ала бағамдап, диалог арқылы бір шешімге келген жұптың отбасылық өмірі де, бірін-бірі түсінуі де жеңілірек болады. Осы ретте жастарға қазақтың аяулы ұлы, белгілі журналист, марқұм Бейсен Құранбектің отбасын құрудағы мына бір қағидасын үлгі етсек болады:

?«Yйленетін кезімізде отбасының 7 қағидасын жасадық:

  1. Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді.
  2. Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;
  3. Қандай сыйлы қонақ келсе де, үйімізге ішімдік кіргізбейміз;
  4. Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;
  5. Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;
  6. Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;
  7. Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды…»

https://www.instagram.com/reel/DHSYVcxt6Rg/?utm_source=ig_web_copy_link

Тегтер: Басты жаңалықтарОразкүл АсанғазықыШаңырақ күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қызылшаға қарсы күрес: бас санитармен сұхбат

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Қаскелеңде әлемдік деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Алматы облысында сақман басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Жаңбыр, жел, тұман: 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Алматы облысында көпқабатты үйден өрт шығып, сегіз адам құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz