Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бас прокуратура «Қаңтар оқиғасына» байланысты істі болғандардың биыл амнистияға ілігетініне сенімсіз

Жалпы 900 адам жауапқа тартылды, соның 10% ғана бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

07.09.2022
Жаңалықтар

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев «Қаңтар оқиғасына» қатысты жауапқа тартылғандарға қашан амнистия жарияланатынын айтты.

«Президенттің Жолдауында аталған тапсырманы орындау үшін бірнеше факторға жүгінуіміз қажет. Рақымшылық жасауға байланысты алдымен қоғамдық талқылаудан өткізуіміз керек, кейіннен басқа мемлекеттік органдармен келісімге келуіміз тиіс. Одан кейін бұл ұсынысты Үкіметтің қарауына жолдаймыз. Бұл — көп уақыт талап ететін іс-шара. Мен сіздерге жыл соңына дейін бір шешімге келеміз деп айта алмаймын. Мұның бәрі Парламенттің жұмыс істеу кестесіне қарай белгілі болады», — деді прокурор орынбасары.

Қазіргі таңда 100-ге жуық адам қамауда отыр. Ал рақымшылыққа қанша адам ілінетіні белгісіз.

«Мен сіздерге бірден мынанша адамға кешірім берілетінін де айта алмаймын. Жоғарыда айтылғандай, 900-ден астам адамның көбі бас бостандығынан толық айырылған жоқ, яғни тек бостандығы шектетілді. Олар жазасын шартты мерзімде өтейді я айыппұл төлейді. Тек 10% адам ауыр қылмысқа барды немесе бұрын істі болған адамдар», – деді өз сөзінде Әсет Шындалиев.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті «Қаңтар оқиғасы» бойынша жазаға тартылғандарға бір реттік рақымшылық көрсету керектігін айтты.

Тегтер: қаңтар оқиғасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Қорлан Нұрланқызы
14.03.2026

ІІМ референдум қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
14.03.2026

Іле ауданында жаңа медициналық нысандар ашылып, 132 тұрғынға пәтер табысталды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімі республикалық олимпиадада І орын иеленді

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

«Ұлттық қор – балаларға»: үш жылда 7 миллион балаға 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz