Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

БАҚ уақыт талабына сай жаңаша жұмыс істеуге бейімделуі шарт – Бейбіт Исабаев

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, медиа саласының бірқатар мамандарын марапаттады.

28.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

«Мемлекет дамуының жаңа тарихи кезеңінде билік те, азаматтық институттар да, оның ішінде БАҚ та уақыт талабына сай жаңаша жұмыс істеуге бейімделуі шарт. Түрлі сайттар, интернет-порталдар көбейді. Ақпараттық ресурстардың жұмысында жылдамдық, ашықтық алдыңғы орынға шықты. Бұл – әрине, бүгінгі қоғамға тән қалыпты ахуал. Дегенмен ақпараттың шынайылығы мен жауапкершілігі баршаға ортақ болуы тиіс», — деді өңір басшысы журналистерді құттықтау кезінде.

Сонымен қатар, ол журналистердің құқы мен жауапкершілігі, мемлекеттік органдармен сарабдал диалог жүргізу мәдениетін орнату, журналистиканың этикасы мен абырой кодексі, әділ сын, ақпарат кеңістігіндегі ақиқат пен дақпырт секілді ұғымдар бүгінгі таңда өзекті екенін атап өтті. Бейбіт Исабаев еліміздің ішкі тұрақтылығы, ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық дербестігіне, қоғамның бірлігіне медианың ықпалы мен жауапкершілігі жоғары екенін баса айтты.

«Әлеуметтік желідегі шындыққа жанаспайтын жел сөз бен өсек-аяңға тосқауыл қоя алатын да — кәсіби журналистиканың біліктілігі мен сарабдалдығы», — деді әкім.

Бейбіт Исабаев журналистер қауымына шығармашылық табыс тілеп, Жетісу өңірінің дамуына қосқан үлесі үшін тілшілерді марапаттады.

 

 

 

Тегтер: кәсіби мереке

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz