Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі — Тамара Дүйсенова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекс жобасына енгізілетін жаңа өзгерістер аясында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдау артатынын айтты.

05.12.2022
Жаңалықтар

Оның айтуынша, Әлеуметтік кодекс отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді.

«Цифрлық картаны жоба ретінде іске асыру барысында көпбалалы отбасылардың әлеуметтік қатерлерге тап болу ықтималы жоғары екенін көрдік. Осыған байланысы Әлеуметтік кодекс жобасында көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы біртұтас жүйесін толық сақтау және оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылды», – деді министр.

Бүгінде көпбалалы отбасыларды қолдау жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі: жүктілік және босану, бала туу, бала күтіміне байланысты төлемдер, көпбалалы аналар және мүгедектігі бар балалы отбасыларға қарасты төлемдер, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектер.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталады.

«Президенттің тапсырмасы бойынша 18 жасқа дейінгі  балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50% көлеміндегі бастапқы капитал қосымша көмек көзі болмақ. Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі және олар «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградтталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады. Тағы бір маңызды параметр – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталады. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі зерделенді», – деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, 8-ден аса ел осы көрсеткішті пайдаланады әрі оны отбасы әл-ауқатының нақты дәрежесін көрсететін өлшем ретінде белгілеген.

«Мысалы, бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі – медиандық кірістің 40%-ы, ал Канадада – 50%, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда 60%. Біз де осы тәжірибені енгізгелі отырмыз», – деді Дүйсенова.

Тегтер: жәрдемақыкөпбалалы анаТамара Дүйсенова

Соңғы жаңалықтар

Сауалнама: Президентке сенім деңгейі 86,7 пайызды құрады

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2026

Қазақстан Халық Кеңесі қандай орган болады? Министр түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

15 мамырда Алматы облысында қатты жел соғады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Шамалған ауылында жеке үйдің ауласынан жылан табылды

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz