Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауылға жұмысқа барған мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі өзгереді

Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмысқа баратын мамандарға берілетін әлеуметтік қолдау тетігі жаңартылады, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.07.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандарына арналған әлеуметтік қолдау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Жаңа тәртіп 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қандай қолдау көрсетіледі?

Қолданыстағы тәртіп бойынша ауылдық елді мекендерге жұмысқа барған Қазақстан азаматтарына:

  • көтерме жәрдемақы;
  • тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредит беріледі.

Бұл қолдау аталған салалардағы мамандармен қатар ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне де сұранысқа ие мамандықтар тізбесі негізінде көрсетіледі.

Тұрғын үй кредитіне жаңа талап енгізілді

Қағидадағы маңызды өзгерістердің бірі – тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік кредитті жұбайынан, жақын туыстарынан немесе азаматтың өзі тұрақты тұрып жатқан тұрғын үйді сатып алуға пайдалануға болмайды.

Сонымен қатар тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін берілетін бюджеттік кредит ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана рәсімделеді.

Өтінім беру толық цифрлық форматқа көшеді

12 шілдеден бастап әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін үміткерлер өтінімді Baspana Market тұрғын үй порталы арқылы электрондық түрде береді.

Порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе бір реттік расталған пароль арқылы тіркеліп, қажетті құжаттарды онлайн жүктеу жеткілікті болады.

Сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтардың жаңартылған тізімі әр тоқсан сайын бір жұмыс күні ішінде осы порталға жарияланып отырады.

Өтінім беру кезінде азаматтар білім туралы диплом, еңбек қызметін растайтын құжат, жеке басын куәландыратын құжат және қолдау түріне қарай өзге де қажетті мәліметтерді электрондық форматта ұсынады.

Қағидада көзделмеген қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Бұдан бөлек, азаматтар көтерме жәрдемақы мен тұрғын үйге арналған бюджеттік кредитке бір мезгілде өтініш бере алады.

Қандай талаптар сақталуы керек?

Әлеуметтік қолдау мына талаптарға сәйкес келетін азаматтарға көрсетіледі:

  • өтініш берген кезде сұранысқа ие мамандық бойынша ауылдық жерде жұмыс істеуі;
  • бұрынғы кредиттері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • соңғы екі жылда 90 күннен асатын төлем кешіктіру фактісінің болмауы;
  • өзі, жұбайы және балаларының соңғы екі жыл ішінде жұмыс істейтін ауыл орналасқан аудан аумағында тұрғын үйге меншік құқығының болмауы.

Жаңа өзгерістер ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту тетігін жеңілдетіп, мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру арқылы қызмет көрсету үдерісін барынша оңтайландыруды көздейді.

Тегтер: заңҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионаты тарихындағы ең қомақты сыйақы: жеңімпазға 50 млн доллар

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Аптап ыстыққа байланысты көшелерге су бүрку күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 1 / 13. Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Көктөбе аспалы жолы тоқтап, жолаушылар кабиналарда қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Синоптиктер Алматы облысында ыстықтың қашан қайтатынын айтты

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz