Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

26 қарашада Астанада “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл мәдениет, ғылым, медиа және спорт салаларында жоғары жетістікке жеткен 20 жас дарын аталмыш сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Жаңалықтар

Марапат иелерінің қатарында халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, түрлі деңгейдегі спорт жарыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ қоғамның дамуына үлес қосып жүрген азаматтар бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салтанатты жиында жастар саясатының маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Министрдің айтуынша, Президент бастамаларының арқасында жоғары білімнің қолжетімділігі артып, жас ғалымдарға арналған гранттар саны көбейген. Сонымен қатар еңбек нарығында жас мамандардың мүмкіндіктерін кеңейтетін жаңа жобалар іске қосылуда.

Креативті индустрия, цифрлық экономика және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бастамалар да мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.

«Мемлекет басшысы жастарға әрдайым үлкен сенім артып келеді. Әрбір Жолдауында, әр реформасында бұл сенім айқын көрініс табады. “Заң және тәртіп”, “Таза Қазақстан” бастамалары мен волонтерлік жобаларды жастардың белсенді қолдауы – жаңа идеологияның маңызды бөлігі. Ал осы идеологияны жүзеге асыратын да, оны алға жетелейтін де — өздеріңіз», – деді Аида Балаева.

Биылғы лауреаттар “Ғылым”, “Эстрада”, “Классикалық музыка”, “Халық шығармашылығы”, “Спорт”, “Дизайн және бейнелеу өнері”, “Журналистика”, “Қоғамдық қызмет”, “Театр және кино”, “Әдебиет” номинациялары бойынша анықталды.

2025 жылғы жеңімпаздардың қатарында белгілі әнші Еңлік Құрарбек (Yenlik), “Славян базары – 2024” халықаралық вокалдық байқауының бас жүлдегері Ерназар Жұбан, “Қайрат” футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бар.

Тегтер: қазақстанмарапат

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz