Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астана – Талдықорған: жаңа теміржол қатынасы іске қосылады

Биыл сәуір айынан бастап «Астана – Талдықорған» бағыты бойынша жаңа теміржол қатынасы іске қосылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.02.2026
Жаңалықтар

Жаңа бағыт Мәжіліс депутаттарының бастамасымен, Көлік министрлігі мен Жолаушылар тасымалы АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ азаматтардың өтініштері ескеріле отырып ашылмақ.

Ведомство мәліметінше, бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы тарапынан екі жолаушылар вагоны бөлінеді. Олар №122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында күн ара қатынайды. Ақтоғай станциясында бұл вагондарды №631/632 «Ақтоғай – Талдықорған» пойызына қайта тіркеу жоспарланған. Бұл шешім бүкіл маршрут бойымен үздіксіз әрі ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Жолаушылар тарапынан тұрақты сұраныс болған жағдайда вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады», – деп мәлімдеді Көлік министрлігінде.

Астанадан Талдықорғанға алғашқы пойыздың сәуір айында жүруі жоспарланып отыр. Бұл сапар Талдықорған қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуымен тұспа-тұс келмек.

Ведомствоның пайымдауынша, жаңа теміржол қатынасы өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтуға, тұрғындардың мобильділігін арттыруға, ішкі туризм мен іскерлік белсенділікті дамытуға, сондай-ақ Жетісу облысының туристік тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.


Тегтер: «Қазақстан теміржолы» АҚқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz