Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. Ал Қазақстан уақытымен ойын 29 қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де басталмақ. Бұл матч алматылық клуб үшін ғана емес, тұтас қазақстандық футбол тарихындағы маңызды оқиға болмақ.
Қонақ жанкүйерлерге арналған секторға билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатылып жатыр. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, сатып алынған билеттер қайтарылмайды.
Осылайша, отандастарымыз Англия Премьер-лигасы көшбасшыларының бірі саналатын «Арсеналға» қарсы ойында «Қайратты» Лондондағы стадионнан тікелей қолдай алады.





