Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбе облысында бөгеттің жарылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысы прокуратурасымен Әйтеке би ауданындағы бөгеттің бұзылу дерегіне қатысты қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында ағымдағы жылдың 30 наурызында су тасқыны салдарынан «Щербаковское» бөгеті бұзылды.

Су басу қаупіне байланысты ауданның жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарымен Т.Жүргенов атындағы ауылының тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

Барлығы 178 жеке тұрғын-үйлерден 927 адам (оның ішінде 215-і балалар) эвакуацияланып, 78 тұрғын-үйді су басып, 10 үй қирады.

Бөгеттің бұзылуынан Ырғыз өзені өз арнасынан шығып кетті.

Электр және газбен жабдықтау желілері зақымдануынан Жүргенов атындағы ауылы жарықсыз, сусыз және газсыз қалды.

«Щербаковское» бөгеті «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы» ММ-нің балансына тиесілі.

«2023 жылы мемлекеттік сатып алу шарты негізінде, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (тапсырыс беруші) мен «СК Гранд каналы» ӨК (мердігер) арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес, бөгетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген», — делінген Ақтөбе облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Алайда, су тасқынының салдары тапсырыс беруші мен мердігердің тапсырған нысаны өзінің негізгі қызметін атқармай, тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделеріне сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы ауылының ұйымдарына елеулі зиян келтірді.

Орын алған мән-жайларды ескере отырып, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігімен (салғырттық) қылмыстық істі СДТТБТ-не тіркеу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта, тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру үшін қылмыстық іс, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданды.

Фото:

Тегтер: қылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz