Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше сый жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін сыйға берді. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.12.2025
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мағжан Ілиясовтың АҚШ президентіне Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін Дональд Трамп пен қазақстандық дипломат арасында қысқаша әңгіме өрбіген.

Кездесу барысында Америка Құрама Штаттарының басшысы биыл қараша айында Ақ үйде Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісті. Дональд Трамп Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны ерекше құрметтейтінін атап өтті.

Сондай-ақ АҚШ президенті Мемлекет басшысын «халықаралық үдерістерді терең білетін, жан-жақты ойлай алатын тәжірибелі мемлекет қайраткері әрі керемет адам» деп сипаттады.

Әңгіме соңында Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап сый-сыяпат жолдады. Сыйлықтардың қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен АҚШ президентінің қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz