«ОАЭК» АҚ бүлінген үйлерге келтірілген шығынды өтейді. Зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр», — деді Крук.
Крук, сонымен қатар, жөндеуге және көтергіштер мен батареяларды ауыстыруға байланысты пәтерлері жылусыз қалған бірнеше проблемалы көпқабатты тұрғын үйдің мекенжайын атады.
«Әсіресе, Сәтбаев 8, Мәшһүр Жүсіп 52, Әуезов 46, 46-А, 47, Шешенбеков 19-А мекенжайындағы үйлерде проблема бар. Штаб жетекшісі, Премьер-министрдің орынбасары жөндеу қызметінің жұмысын қайта үйлестірген болатын. Енді әр үйге бір-бір кәсіпорын бекітілді. Ол кәсіпорындардың бірінші басшылары бекітілген үйдегі ақауды жою жұмыстарының басы-қасында жүр — қатқан желіні жібітіп жатыр. Бұл басшылар бүкіл ақау жойылғанша осы істің басында болады», — деді Олег Крук өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Бұған дейін ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин де монополист компания жылу желілеріндегі апат салдарынан пәтерлері бүлінген Екібастұз тұрғындарына барлық жөндеу шығындарын өтейтінін мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда кезекті брифингте Крук барлық үйлердің жылу тораптарына салқындатқыш берілгенін хабарлады.
Сондай-ақ, орамішілік желілер қалпына келтірілді, көтергіштер мен батареялар қалпына келтірілді. Кейбір үйлерде ПИК мамандары жылыту жүйесін дұрыс ағызбағаны атап өтілді. Салдарынан мұз қатты. Қазір бұл үйлердегі көптеген батареяларды ауыстыру қажеттілігі туындады. 70-ке жуық жеке тұрғын үй жылусыз қалады.
Екібастұз ЖЭО-сын басқаратын «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС – «Павлодарэнерго» АҚ-ның еншілес кәсіпорны. Ал «Павлодарэнерго» «Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамының («ОАЭК» АҚ) құрамына кіреді.
Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» («ОАЭК» АҚ) 2008 жылғы 8 тамызда құрылған. Ол еліміздің біраз қаласының жылу-электр жүйелеріне иелік етеді.