Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданында 13 ескі үй бұзылады

Алматының Түрксіб ауданында 594 үй реновациялауды қажет етеді. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

17.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Спикердің сөзінше, алдағы уақытта екі қабатты 13 ескі үйді бұзу жоспарда тұр.

«Ауданның көппәтерлі тұрғын үй қорында 1229 үй бар. Оның ішінде реновацияны талап ететін ескі үйлер саны – 594. Қазіргі уақытта Сауранбаев — Спартак — Чернышевский — Ақынов көшелерінің квадратында 13 ескі екі қабатты тұрғын үйді, барлығы 201 пәтерді бұзу жоспарда тұр. Аталған учаскеде 856 пәтерлі 40 бес қабатты тұрғын үй салынады», — деді Наиль Лебаев.

Сонымен қатар, ол былтыр 3 көпқабатты үйдің (62 пәтер) құрылысы аяқталғанын атап өтті.

Екі қабатты үш үй бұзылып, олардың орнына 7 бес қабатты үйдің (152 пәтер) құрылысы басталды. Жұмыстарды 2023 жылдың 2-тоқсанында аяқтау көзделген.

«QazaqStroy жеке инвесторымен Сейфуллин, Кассин, Котельников көшелерінің квадратында 30 сегіз пәтерлі ескі үйлерді реновациялау басталды. Аталған учаскеде 27 алты қабатты үй (820 пәтер) салынады. Қазірде 114 пәтерлік 2 үй салынып, пайдалануға берілді.2021 жылы «АгроСпецСтрой» мердігерлік ұйымымен Осипенко көшесінде 59 пәтерлі бір көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, нысанды тапсыру мерзімі – 2022 жылдың 4-ші тоқсаны», — деп атап өтті Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданында «ТКШ модернизациялау» бағдарламасы жүзеге асырылып, 8 көпқабатты үй жөнделді. Сондай-ақ, 2017-2022 жылдар аралығында 543 аула абаттандырылды.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz