Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыдағы LRT желісі 2027 жылы іске қосылады

Бұл туралы «Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» бекіту бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әкім орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

12.09.2022
Жаңалықтар

Алматыда жеңіл рельсті көліктің бірінші желісі 2027 жылы іске қосылады.

Спикердің сөзінше, әлемнің ірі қалаларында азаматтар негізінен жүрдек көлік – метро, LRT, BRT жүреді. Автобус, велосипед, самокат қысқа қашықтыққа жүру үшін қолданылады.

«2025 жылға дейін қолданыстағы BRT желісі «Шығыс қақпасы» полиорталығына дейін ұзартылып, Райымбек даңғылы бойымен жаңа BRT желісі іске қосылады. 2025 жылы Қалқаман метро стансасы пайдалануға беріліп, батыс бағыттағы келесі үш стансаның құрылысы басталады. 2027 жылға қарай Төле би көшесінің бойында жүрдек жеңіл рельсті жолдың бірінші желісін іске қосамыз», — деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар ол арнайы жолақтарды енгізу және интеллектуалды көлік жүйесін дамыту арқылы автобустар мен троллейбустардың саны артатынын тілге тиек етті.

Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев Алматыға LRT желісі керек екенін, оны салу мәселесі қазанның басына дейін шешілетінін айтқан болатын.

LRT желісінің құрылысы 2020 жылға жоспарланған болатын. Жобаның инвестициялық құны – 94 203 млн теңге. Сонымен қатар əкімдік жеңіл рельсті көлік желісін салу үшін жолда орналасқан қажетті жер телімдерін сатып алмақ.

Тегтер: жоба

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz