Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыдағы көліктердің 60 пайызы экологиялық талапқа сай емес – экологтар дабыл қақты

Алматыға күніне 230 мыңға жуық көлік кіреді. Бұл ретте олардың экологиялық ахуалға әсер ететінін ескерген жөн. Ал автотранспорттардан шығатын зиянды заттарды өлшеу үшін қалада экологиялық бекеттер жұмыс істеп тұр. Алайда, Алматыдағы көліктердің 60 пайызы экологиялық талапқа сай болмай тұр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

23.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Бүгінгі таңда Алматы аумағында 19 экобекет бар. Көпкомпонентті газанализаторлары арқылы көмірсутек, көміртек тотығы мен азот оксидтерінің және көмірқышқыл газының бөлінуін тексеретін мамандар күніне орта есеппен 500-ге тарта көлікті тоқтатады екен. Ауа сапасын бақылау үшін мұндай 19 нысаннан бөлек, былтырдан бері 3 жылжымалы экологиялық бекет те жұмыс істейді. Мұнда газ талдағыш пен түтін өлшейтін арнайы құралдар бар. Яғни, мамандар қалаға кірген көліктерді осы құрылғымен әрі арнайы тапсырма бойынша ғана тексере алады.

Экобекеттерде көліктерден шығатын зиянды затты өлшеу үшін арнайы оқытылған 60-тан аса маман жұмыс істейді.

Экологиялық талапқа сай келмейтіндердің көбі ескі, катализаторы жоқ немесе техникалық ақауы бар коммуналдық көліктер. Дегенмен, «назарға ілігетіндердің нақты бір критерийі жоқ» дейді мамандар. Яғни, жылы жаңа болса да, нормасы қалыптан шыққан автомобильдер де аз емес екен.

«Жыл басынан бүгінге дейін 136 мың автокөлік тексерілген. Соның ішінде 26 мың көлік шамадан тыс нормадан көрсеткіш көрсеткен», – деді экологиялық бекеттердің басшысы Қанат Сағынғалиев.

Экологтардың айтуынша, жалпы Алматыдағы көліктердің 60 пайызы экологиялық талапқа сай болмай тұр. Сондықтан арнайы тоқтатпай-ақ, әр жүргізуші тексерістен өткені абзал.

Тегтер: көлікэкология

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz