«Күрделі операция 6 сағатқа созылды. Ота барысында біз микроскоп арқылы нейромониторинг жасап отырдық. Нәтижесінде белгілі бір бұлшық еттердің жұмысына жауап беретін жүйке жүйелерінде ақау бары анықталды. Былайша айтқанда, бұлшық еттерді құрсап, пациенттің жүріп-тұруын қиындатқан жүйке талшықтары алынып тасталды», — дейді нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ота жасалған жігіт өз бетінше жүріп-тұрады. Ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.
«Кейін пациент реабилитациядан өтуі тиіс. Операция сәтті өтті. Дегенмен, оның нәтижесін күшейту үшін ұзақ уақыт медициналық оңалтудан өту қажет», — дейді маман.
Операцияны орталық клиникалық аурухана нейрохирургі Марат Алматов, №2 қалалық балалар ауруханасы нейрохирургі Азамат Жайылғанов пен невролог-нейрофизиолог Гүлнұр Қасенова жасады.