Алматыда 20-22 қазан аралығында Қазақстан мен Ауғанстан тараптарының қатысуымен бизнес форумы ұйымдастырылады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, форумға Ауғанстанның түрлі экономика салаларынан 250-ден астам кәсіпкер қатысып, өз тауарлары мен қызметтерін ұсынатын болады.