Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 13 млн теңге өтемақы төленеді

Өрт сөндіру кезінде қаза тапқан аға өрт сөндіруші-құтқарушы Арслан Құрманбековтің отбасына 60 айлық көлемінде ақшалай қаражат (5 жылға), яғни шамамен 13 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

11.05.2023
Жаңалықтар

Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға және қаза тапқан қызметкердің мұрагерлері туралы тармаққа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар, жерлеу рәсімінің шығыны – 600 мың теңге көлемінде қосымша өтемақы төленетін болады. Жерлеу рәсіміне арналған барлық шығынды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өз мойнына алды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ҚР Президенті Әкімшілігіне қызмет бабында қаза тапқан өрт сөндіруші А.Ж. Құрманбековті мемлекеттік наградамен марапаттау туралы ұсыныс енгізді.

«Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде А.Ж. Құрманбековтің анасына пәтер бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды. Өзге де қосымша көмек мәселелері пысықталу үстінде», — деп мәлім етті Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Арслан Құрманбек 7 мамыр күні болған өрт кезінде үстіне ағаш құлап қайтыс болған.

Тегтер: алматыоқиғаөртөтемақы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz